Гүлжанат Битанованың сөйлеу өнері тренингі

Көпшілік алдында қорықпай, анық әрі әсерлі сөйлеуді үйреніңіз

жыл тәжірибе
18
жыл тәжірибе
тренингтен өткен адам
12 000+
тренингтен өткен адам
ұйым сенім білдірді
52
ұйым сенім білдірді

Сізге таныс па?

  • «Сахнаға шықсам, дауысым дірілдейді»

  • «Айтарымды білемін, бірақ көп адамның алдында ұмытып қаламын»

  • «Сөйлеп тұрғанда тыңдаушылардың назары басқа жаққа ауады»

  • «Жиналыста ойымды қысқа әрі нақты жеткізе алмаймын»

  • «Күтпеген сұрақ қойылса, абдырап қаламын»

  • «Маңызды баяндама алдында бірнеше күн уайымдаймын»

Бұның бәрі — дағды. Ал дағдыны үйренуге болады.

Қалай екенін көріңіз

Тренингтен кейін сіз

Қорықпай сөйлейсіз

Толқуды басқарып, сахнаға сеніммен шығасыз.

Ойыңызды жүйелі құрасыз

Кез келген сөзді нақты кіріспе, негізгі ой және есте қалатын соңымен құрасыз.

Дауысыңыз сенімді естіледі

Тыныс, дикция, интонация және сөйлеу қарқынын меңгересіз.

Денеңіз сөзіңізді күшейтеді

Тұрыс, ым-ишара және көзқарас айтқаныңызға салмақ қосады.

Аудиторияны ұстайсыз

Тыңдаушылардың назарын аударып, соңына дейін ұстап тұрасыз.

Сұраққа абдырамайсыз

Күтпеген сұрақтарға және импровизацияға дайын боласыз.

Бағдарлама

Алты модуль: сахна қорқынышынан бастап импровизацияға дейін.

Кімге арналған

  • Мемлекеттік қызметшілер
  • Басшылар мен жауапты тұлғалар
  • Кәсіпкерлер
  • Көпшілік алдында сөйлейтін мамандар
Тренингке жазылу
  1. 01

    Сахна қорқынышын жеңу

    Толқудың себебі, оны басқару тәсілдері, шығу алдындағы дайындық.

  2. 02

    Сөз құрылымы

    Мақсат, негізгі ой, кіріспе мен қорытынды. Қысқа әрі нақты сөйлеу.

  3. 03

    Дауыс және дикция

    Тыныс, дауыс күші, интонация, кідірістің құдіреті.

  4. 04

    Сахналық бейне

    Тұрыс, ым-ишара, көзқарас, кеңістікті пайдалану.

  5. 05

    Аудиториямен байланыс

    Назар аудару, сторителлинг, мысал мен әзілдің орны.

  6. 06

    Сұрақтар мен импровизация

    Күтпеген сұраққа жауап беру, қиын жағдайдан сабырмен шығу.

Бизнес-тренер Гүлжанат Битанова

«Ritorix»

тренинг орталығының негізін қалаушы

Тренер туралы

Гүлжанат Битанова

Бизнес-тренер, кәсіби коуч, психолог, сөйлеу өнері, сату және тиімді коммуникация саласының сарапшысы.

Бизнес-тренингтер өткізу, оның ішінде сөйлеу өнері, сату техникасы, командалық жұмыс, тұлғалық даму және психологиялық тренингтер жүргізу бағыттарында 18 жылдық кәсіби тәжірибесі бар.

Осы жылдар ішінде Гүлжанат Битанованың тренингтері мен білім беру бағдарламаларынан 12 000-нан астам адам өткен.

Мемлекеттік қызметшілерді, кәсіпкерлерді, жоғары лауазымды басшылар мен жауапты тұлғаларды көпшілік алдында сөз сөйлеуге, маңызды кездесулер мен келіссөздерге кәсіби тұрғыда дайындайды.

Gulzhanat Bitanova

Клиенттер

Бізге сенім білдірген компаниялар

Ірі компаниялар, мемлекеттік органдар, мектептер мен қоғамдық ұйымдар. Ұжымдарды оқыту, басшылар мен мамандарды көпшілік алдында сөйлеуге және келіссөзге дайындау.

Ұйымдар
52
ұйым
Салалар
5
сала
  • АО «НАК «Казатомпром»
  • Назарбаев Зияткерлік мектептері (НИШ)
  • Мемлекеттік басқару академиясы
  • Internews Europe
  • Микрокредитная организация «KMF»
  • «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
  • Tamerlan Motors
  • «Samruk» зияткерлік мектебі
  • Ассоциация деловых женщин Казахстана
  • Шымкент қалалық ІІБ
  • «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы
  • Nomadkar

Өзіңізге ыңғайлы форматты таңдаңыз

Баға форматқа, қатысушылар санына және ұзақтығына байланысты.

Дағдыны бастан қалыптастыруға

Топтық тренинг

Басқа қатысушылармен бірге жаттығасыз: сөйлейсіз, тыңдайсыз, бір-біріңізден кері байланыс аласыз.

Бағасын білу

Маңызды сөз алдында

Жеке дайындық

Нақты баяндамаға, сұхбатқа немесе келіссөзге дайындық — сіздің мәтініңіз бен жағдайыңызбен.

Бағасын білу

Команданы бірге оқыту үшін

Ұжымға арналған

Компанияңыздың немесе мекемеңіздің қызметкерлеріне тренинг. Бағдарлама сіздің міндетіңізге бейімделеді.

Бағасын білу

Жиі қойылатын сұрақтар

Көпшілік алдында мүлдем сөйлеп көрмегенмін. Маған бола ма?

Иә. Бағдарлама қатысушының деңгейіне қарай бейімделеді: бастаушы да, тәжірибелі спикер де өз деңгейінен әрі қарай өседі.

Нақты бір баяндамаға дайындала аламын ба?

Иә, жеке дайындық форматында сіздің сөзіңізбен, аудиторияңызбен және мерзіміңізбен жұмыс істейміз.

Ұжымымызға тренинг өткізуге бола ма?

Иә. Гүлжанат Битанова компанияларда, мемлекеттік органдарда және мектептерде тренинг өткізеді — клиенттері арасында 50-ден астам ұйым бар.

Бағасы қанша?

Баға форматқа, қатысушылар санына және ұзақтығына байланысты. Өтінім қалдырыңыз — сізге сәйкес нұсқаны айтамыз.

Гүлжанат Битанова

Байланыс

Сөзіңіз әсерлі, келіссөзіңіз нәтижелі болсын